Ұлттық қордан балаларға $58 млн берілді

«Ұлттық қор балаларға» жобасы аясында кәмелетке толған азаматтарға 58 млн АҚШ долларына жуық қаражат берілген.

Осылайша, 316 мыңнан астам отандасымыз заңды құқығын жүзеге асырып отыр. Бұл Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жариялаған соңғы дерек. Кәмелетке толғандар жинағын қандай мақсатта қолданып жатыр? Ұлттық қордан биыл олар қанша қаражат алады?

Қазір оны баспана немесе білім алуға ғана жұмсауға болады. Осы маусым айының басында жарияланған мәлімет бойынша қаражаттың басым бөлігін, яғни 36 млн-нан астам АҚШ доллары тұрғын-үй жағдайын жақсартуға жұмсалған. Ал қалған 21 млн доллармен білім беру ақысын төленген. Ескеретін маңызды жайт, бұл қаржыны баланың өзі ғана қолдана алады.

тұрғын үй –  36,94 млн АҚШ доллары

білім беру – 20,94 млн АҚШ доллары

Асан Ахметжан, ҚР Ұлттық банкінің баспасөз хатшысы:

- Әр адамның өзінің еGov-ында балалрының шоты туу турпалы куәлігің астында жазылып тұрады. Соны жыл сайын көріп отыруға болады. Бірақ кейбір ата-аналар айтады ғой «Менің баламдікі жоғалып кетті» деген сияқты. Ол жоғалып кетпейді. Себебі бала 18-ге толатын жылы мысалы, биыл 2026 жылы балаңыз 18-ге толатын болса, оны тек балаңыз өзінің енпф-тегі кабинетінен көре алады. Ата-анасы оны өз кабинеттерінен көре алмайды. 

Қазір 18-ге толатын әр баланың шотында 370 АҚШ доллары жатыр. Бұл үш жыл бойы Ұлттық қордан түскен нысаналы талап пен инвестициялық табыстың қосындысы. Осы ақшаның көлеміне әсер ететін бірнеше фактор бар дейді мамандар.

Жыл          нысаналы талап         табыс

2023 ж      100,52                          3,04 

2024 ж      129,38                          6,91 

2025 ж      130,71      

Жалпы      370,56

Дархан Биниязов, ҚР ҚМ департамент директорының орынбасары:

- Қордың табыстылығы қаржы нарығындағы жағдайға тікелей байланысты. Активтер арзандап кетсе табысы азаяды. Одан кейін балалардың саны да әсер етеді. Яғни 18-ге толған бала барлық балаларға тең бөлінген ақшадан өз үлесін алады. Олардың саны өзгеріп отыруы мүмкін. Себебі бала азаматтығын ауыстырған жағдайда ол ұлттық қордың қаражатынан үлес алу құқынан айырылады. Немесе керісінше азаматтық алған балалар болуы мүмкін. Сондықтан 18 жасқа толғанда баланың шотында осынша сома болады деп айту мүмкін емес.

Дегемен отандастарымыз жинақтағы қаражатын алуға асықпайтын көрінеді. Мәселен, 2024 жылы жинақталған 30 миллион доллардың 26 миллионы мүлде пайдаланылмаған. Мамандар бұған жинақтағы қаржының тым аздығы себеп дейді. Сондықтан қаражат көзін сақтап қана қоймай, ары қарай инвестициялауды ұсынып отыр.

Венера Жаналина, қаржы сарапшысы:

- Аудиторлық палата бұл қаражаттың айналымнан шығып қалатынына дұрыс назар аударып отыр. Балалар кәмелетке толғанда ақша Ұлттық қордан олардың жинақ шоттарына аударылады да, ары қарай инвестицияланбай қалады. Бұл дұрыс емес. Бұл қаржы долларда сақталғаны аздап инфляция әсерін төмендеткенімен, ақша шотта құр жата берсе құны жоғала бастайды. Сондықтан ол қаражатты қысқа мерзімді сенімді қаржы құралдарына инвестициялау керек деп санаймын.

Яғни «қаражат құр жатпай, табыс әкелуі керек», - дейді мамандар. Сонда жастардың жинағы жыл санап көбейе бермек. Мәселен, кірістілік үш пайыз деп есептеген күннің өзінде игерілмеген 74,6 млн доллар жылына шамамен 2,2–2,3 млн доллар табыс әкеледі. Алайда сарапшы қаражатты тек консервативті, яғни жоғары табыс әкелмесе де қауіпсіз қаржы құралдарына инвестициялау керегін айтады. Себебі нарықтағы өзгерістер әсерінен бұл жинақтарды жоғалтып алмау маңызды.