Ustaz Ulytau жобасы – білімге бағдар

Жезқазғанда Ustaz Ulytau жобасының мерейтойлық жиыны өтті. Іс-шарада атқарылған жұмыстар қорытындыланып, білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқылады.

Сондай-ақ мектеп, педагог, сарапшы және мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастық айтылды. Ustaz Ulytau жобасы 2021 жылдан бері «Қазақмыс корпорациясы» қолдауымен іске асып келеді. Басты мақсат – оқушылардың сапалы білім алуына және педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасау. Осы аралықта жоба өңірлердегі білім беру бастамаларының біріне айналды. Бүгінде ол Ұлытау, Қарағанды және Жамбыл облыстарындағы 85 мектеп пен екі колледж, сондай-ақ қосымша білім беру ұйымдарын қамтиды.