ШҚО-да судағы қауіпсіздік күшейтілді
Шығыс Қазақстан облысында шомылу маусымы басталғалы екі адам суға кетті. Қазір өңірде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Құтқарушылар жағажайларды аралап, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бүгінге дейін 200-ден аса адам рейдке шыққан. Аптап ыстықта тұрғындар Бұқтырма су қоймасының жағалауына ағылып жатыр. Мамандардың айтуынша, адамдар сақтыққа салғырт қарайды. Қауіпсіздік ережесін сақтамаған бірнеше тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құтқарушылар катермен су айдындарын күн сайын барлап қайтады. Одан бөлек, дрондармен биіктен бақылап отыр.
Исхар Савазов, ШҚО ТЖД бастығының орынбасары:
- Кейбір жерде маусымдық құтқару бекеттерін аштық. Күн-түн демей жағалауларды аралап тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тек жабдықталған жерде шомылуға кеңес берудеміз.Соған қарамастан жаз басынан бері екі адам суға батып, көз жұмды. Рейд шараларына ұшқышсыз ұшу аппараттарын және түрлі жүзу құралдарын пайдаланып жүрміз.