Елордада баспасөз хатшылары мен PR мамандары бас қосты

Кәсіби мереке қарсаңында елордада баспасөз хатшылары мен PR мамандары бас қосты. 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен өткен республикалық форумда мемлекет пен қоғам арасында берік байланыс орнатудың маңызы, ондағы баспасөз хатшыларының рөліне ерекше мән берілді. Шара аясында қатысушылар үшін арнайы шеберлік сағаттары өткізіліп, медиа сарапшылар мен заңгерлер бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеудің құқықтық қыр-сырын түсіндірді. Сондай-ақ жалған ақпаратпен күрестің заманауи тәсілдері мен жасанды интеллектіні күнделікті қызметте тиімді қолдану жолдары талқынды.

Бибігүл Құламан, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз хатшысы:

- Форум спикерлерінің қатарында елімізге танымал медиа сарапшылары, құқық саласының сарапшылары бар. Форумның негізгі форматы ресми ашылу болғаннан кейін семинар тренингтер болады. Бұл жерде практикалық тапсырма негізінде қатысушылар өздерінің білімдерін шыңдайтын болады.