Ербаян Мұхтардың отбасы әскери істі жалғастырудан бас тартты
Қайтыс болған мерзімді әскери қызметші Ербаян Мұхтардың жақындары оның әскерде ауыр жарақат алуына қатысты қозғалған істі әрі қарай тергеуді талап етпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».
Сондай-ақ олар мәйітке қосымша сараптама жүргізуге де қарсы екенін мәлімдеді.
Марқұмның ағасы Самат Мұстафиннің айтуынша, Ербаянның ата-анасы ұзаққа созылған тергеу мен күрестен кейін істі әрі қарай жалғастырмауға шешім қабылдаған. Отбасы үшін бастысы – марқұмның денесін елге әкеліп, оны лайықты түрде жерлеу.
«Біз мәйітті қайта ашуға да, қосымша тексерулерге де келіспейміз. Біздің бар мақсатымыз – Ербаянды жер қойнына тапсыру. Оның жаны тыныштық тапсын», – деді ол.
Бұған дейін туыстары мен Денсаулық сақтау министрлігі арасында сарбаздың өліміне қатысты түрлі пікірлер болған. Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәлімдемелермен келіспейтінін білдіріп, Ербаянның өліміне ауыр бас-ми жарақатының салдары мен соған байланысты дамыған асқынулар себеп болғанын хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, науқаста көп ағзалық жеткіліксіздік синдромы дамып, дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.