«Хабар» агенттігінің бір топ қызметкеріне құрмет көрсетілді

Кәсіби мереке қарсаңында «Хабар» агенттігі мен "24кз" арнасының бір топ қызметкеріне құрмет көрсетілді.

Ақпарат айдынында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, қалтқысыз қызметімен көзге түскен үздіктерге "Ақпарат саласының үздігі" медалі табысталды. Тағы бір топ азаматтарға мәдениет және ақпарат министрлігінің арнайы алғыс хаты мен агенттік төрағасының алғысы табысталды. Қошеметке бөленіп, еңбегі еленгендердің қатарында көлік жүргізушісі, режиссер, инженер мен тілшілер қауымы бар.

Артём Петров, 24KZ телеарнасының шеф-редакторы: 

Шынымды айтсам, күтпеген жағдай болды. Біз қандай бір марапат алып, алғысқа бөлену үшін жұмыс істемейміз. Бастысы, өз жұмысымызды жауапкершілікпен атқару. Ал бүгінгі марапат менің осы күнге дейін атқарған жұмысымның көрсеткіші деп ойламаймын. Керісінше алдағы үлкен міндет пен іргелі істердің бастауына деген серпін. Әлі де атқарар жұмыс жетеді. Барша әріптесіме мереке құтты болсын!

Мөлдір Тұрсынова, 24KZ арнасы режиссердің ассистенті:

- 7 жылдан артық жұмыс істеймін. Рақмет, осылай еңбекті елеп жатқанына. Өте қуаныштымыз, қуаныштымыз.