Астанада БАҚ қызметкерлеріне пәтер берілді

Мемлекет басшысының атынан журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында баспана беру бастамасы биыл төртінші жыл қатарынан жүзеге асырылып жатыр. 

Президент кеңесшісі әрі Баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың айтуынша, биыл орталықтан шалғай елді мекендер де назардан тыс қалған жоқ. Мәселен, Қостанай облысының Арқалық қаласында және Түркістан облысының Созақ ауданында тұратын сала мамандары үйлі болды. Бұдан бөлек, Астана қаласында – 15, Алматы қаласында – 15, қалған 18 аймақта 2 пәтерден бөлініп, жалпы алғанда 66 адамға баспана кілті табысталды. Ал өткен үш жылда Президент атынан саладағы 200 қызметкерге баспана берілген болатын.