ШҚО-дағы туристік аймақта интернет сапасы нашар

Шығыс Қазақстандағы бірқатар туристік аумақта интернет жоқ. Тұмса табиғат мекеніне саяхаттап келушілер саны жыл сайын артып келеді.

Шетелдіктердің де қызығушылығы жоғары. Мәселен, Риддердегі тау шаңғысы курорттары, Марқакөл, Сібе көлдері және Киін-Керіш шатқалы секілді танымал туристік орындар байланыспен қамтылмаған. Бұл мәселе кезең-кезеңімен шешімін тауып жатыр ,- дейді мамандар. Мысалы, Самар ауданындағы Бұқтырма су қоймасының жағалауында жақында интернет қосылды. Бұған дейін демалушылар жақындарымен хабарласа алмай қиналатын. 

Ирина Смит, облыстық Туризм басқармасы басшысының орынбасары:

 - Егер адам көп баратын туристік орындар туралы айтатын болсақ, басым бөлігінде интернет бар. Сібе көлдеріндегі мәселе де шешімін тауып жатыр. Әрине, келушілер саны аз орындар да бар.   Ондай жерлерге арнайы Starlink орнату әзір қарастырылмайды. Өйткені біз үшін ең алдымен туристер көп баратын орындарды сапалы байланыспен қамтамасыз ету маңызды.