Солтүстікте ажырасу көрсеткіші жоғары
Биылғы жылдың алғашқы 4 айында 30 мыңға жуық неке тіркелген.
Бұл былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда 5 жарым пайызға көп. Ұлттық статистика бюросының мәліметі осындай. Мың адамға шаққанда некеге тұрудың жалпы коэффициенті 5-тен асып тұр. Отау құрған жастардың көбі Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласында тұрады. Өкінішке қарай ажырасу деректері де көбейіп барады. Биыл 4 айда 14 мың 700-ден астам ерлі-зайыпты некесін бұзған. Бұл көрсеткіш өткен жылдағыдан 7 жарым пайызға көп.
Ақмоншақ Құралбек, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросының сарапшысы:
- Ажырасу коэффициенті халықтың мың адамға шаққанда 2,18 құрады. Ажырасудың ең жоғарғы көрсеткіштері Қостанай облысында, халықтың мың адамға шаққанда 3,15, Қарағанды облысы мен Ұлытау облысының әрқайсысында 3,06, сондай-ақ Павлодар облысында 2,94 болып тіркелді.
НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ
(2026 ж қаңтар-сәуір)
29 688 неке тіркелді
Өсім - 5,5%
14 789 неке бұзылды
ӨСІМ - 7,5%