Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жиында ведомстволық наградалардың бірыңғай стандарты мен тізімін әзірлеуге қатысты мәселелер қаралды. Сонымен қатар Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның мемлекеттік рәміздерді қолдану әрі насихаттау жөніндегі жұмыстарының есебі тыңдалды. Мемлекеттік кеңесші жиынды қорытындылай келе, мемлекеттік рәміздер, марапаттар және геральдика саласындағы жұмыстардың тиімділігін арттыруға қатысты нақты тапсырмалар берді.