Құқықтық сауаттылықты арттыратын жаңа пәндер енгізіледі
Елде мектеп бағдарламасы жаңартылып, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған жаңа пәндер енгізіледі.
Жаңа оқу жылынан бастап 5–7-сыныптарда "Конституция негіздері", 8–11-сыныптарда "Заң мен тәртіп", ал 5–11-сыныптарда "Жеке қауіпсіздік" оқытылады. Бұл пәндер арқылы оқушылар Конституцияның негізгі қағидаларын, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін меңгеріп, құқықтық мәдениетін қалыптастырады. Сондай-ақ жеке қауіпсіздік, кибергигиена және төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету дағдыларын игереді. Сонымен қатар бастауыш сыныптардағы оқыту жүйесі де жаңартылмақ. Яки оқу жүктемесі жеңілдеп, негізгі білім мен дағдыларды меңгеруге басымдық беріледі. Осы мақсатта оқу бағдарламалары қайта қаралып, балалардың жас ерекшелігіне сай ықшамдалады.