Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі
«Жаңа Конституция үлкен еңбекпен жазылды», - дейді өңір тұрғындары. Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия жұмыс істеді.
Заңгер, депутат, журналистер мен қоғам белсенділері барынша үлес қосты. Е-Otinish арқылы халықтан 4 мыңнан аса ұсыныс түсті. Жаңа Заңның мәтінінде олардың талап-тілегі ескеріліп, халық үніне құлақ асты. «Әсіресе бір палаталы парламент құрып, Халық Кеңесі мен вице-президент институтын енгізуді құптаймыз», – дейді Қонаев тұрғындары.