Семейде халықаралық экологиялық көрме өтіп жатыр
Онда Оңтүстік Корея мен Қазақстан суретшілерінің орман өрті мен табиғатты қалпына келтіру тақырыбына арналған туындылары қойылған.
Ағаштан жасалған арт-нысандар мен картиналар көпшілік назарына ұсынылды. Жоба авторлары қоғам назарын экология мәселелеріне аударуды көздейді. Әр туынды адам мен табиғаттың өзара байланысын бейнелейді.
Чон Чан-И, жобаның авторы:
- Біздің мақсатымыз – болашақ ұрпаққа таза әрі қолайлы қоршаған ортаны аманат ету. Өзімізден кейін қандай табиғат қалдыратынымыз маңызды. 2023 жылы Кореяда да ірі орман өрттері болды. Осыдан кейін елде мұндай апаттардың алдын алу, климаттың өзгеруі және өрттен зардап шеккен ағаштарды қайта пайдалану мәселелеріне ерекше көңіл бөліне бастады.