Атырауда «Кітап оқитын ұлт» жобасы жүзеге асады 

Атырауда «Кітап оқитын ұлт» жобасын жүзеге асыруға арналған Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 

Оған облыстық білім, мәдениет басқармаларының басшылары, кітапхана қызметкерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Жобаның мақсаты өңірде оқу мәдениетін дамыту және зияткерлік ұлтты қалыптастыру үшін мемлекеттік органдардың, білім беру, мәдениет мекемелері мен азаматтық қоғамның күш-жігерін біріктіру. Жас ұрпақты көркем әдебиет оқуға ынталандыру шарасы Атырауда былтырдан бастап қолға алынды. Осы уақыт ішінде мектептерде 13 мыңнан астам оқушы түрлі шығармалармен танысып, пікір сайыстар өткізілген.

Аян Сакошев, «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының атқарушы директоры:

- Негізгі мақсат еліміздегі кітап оқу мәдениетін дамыту. Бұл бағытта нақты жоспарымыз бар. Осы жоба кітап оқу марафоны форматында өтеді. Алты ай ішінде әрбір қатысушы 15 кітаптан оқып, осы әріптестерімен бірге оқушыларымен өздерінің отбасыларымен бірге осындай дәстүрді қалыптастыру бойынша жұмыс ұйымдастырылатын болады.