Үкімет басшысы энергия үнемдеуде озық тәжірибені енгізуге шақырды

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласында озық тәжірибені енгізудің маңызы зор. 

Үкімет басшысы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңеске қатысушыларға ой салды. Германия мен Жапонияда металлургиялық және химиялық зауыттардан артық жылу атмосфераға шығарылмайды. Ол жылу сорғыларынан әрі қарай жақын маңдағы тұрғын аудандарды жылытуға жіберіледі. Ал Президент Үкімет алдына 2029 жылға қарай экономиканың энергия тұтынуы мен энергия сыйымдылығын 15 пайызға төмендетуді тапсырған. Осы ретте Премьер-министр бір аптада Ақмола, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстары мен Астана қаласының әкімдіктеріне жол карталарын бекітуді жүктеді. Өнеркәсіп министрлігі 300 ірі өнеркәсіп нысанында энергетикалық аудит жүргізіп, 113 млрд теңге көлемінде энергия үнемделгенін жеткізді. Қазір 300-ден астам нысан солай тексеріліп жатыр. Алайда әлі де ел экономикасының энергия сыйымдылығы әлемдік орташа мәндерден екі есе және экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы елдері көрсеткішінен 3,5 есе жоғары.