Кәсіп ашуға жаңа мүмкіндік туды

Тыңнан кәсіп бастаймын дегендер мемлекеттік грантқа өтінім бере алады. Грант мөлшері – 1 миллион 730 мың теңге.

Қайтарымсыз мемлекеттік қолдау елдегі кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа табыс көзін қалыптастырып, халықтың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған. Байқауға жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар мен мемлекеттік тіркеуден өткеніне бір жылдан аспаған жеке кәсіпкерлер қатыса алады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар, «қандас» мәртебесі бар тұлғалар, өңіраралық қоныс аударушылар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көпбалалы отбасы мүшелері және мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған тұлғалар мен асыраушысынан айырылған азаматтар үміткер бола алады. Ол үшін Business.enbek.kz порталында арнайы өтінім толтырып, бизнес-жоспарды жүктеу жеткілікті.