Шымкентте киберқылмысқа қатысты 330 іс тіркелді

Интернет-алаяқтардың кесірінен Шымкент қаласы тұрғындарының 1 миллиард теңгеге жуық қаржысы қолды болды.

Полиция департаментінің мәліметінше, биыл кибершабуылға қатысты 330 қылмыстық іс тіркелген. Зардап шеккендердің арасында зейнеткерлер мен студенттер, мұғалімдер мен дәрігерлер де бар. Қазір осыған байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Алайда алданған азаматтардың саны әлі де артуы мүмкін. Тәртіп сақшыларының айтуынша, алаяқтар халықты арбау үшін жасанды интеллект технологияларын жиі қолдана бастаған. Олар танымал тұлғалар мен туысқандарының кейпіне еніп, түрлі амалдармен жәбірленушілерді алдап соққан. Осыған байланысты тұрғындардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыру үшін профилактикалық акциялар қолға алынды. 

Мақсат Жанысбаев, қалалық ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері:

- Жыл басынан бері интернет алаяқтық саны 330-ға өсті. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 10% статистика өсіп жатыр. Демек, бұл дегеніміз халыққа түсіндіру. Интернет-алаяқтықты алдын алу  және цифрлық сауаттылықты арттыру маңыздылығын көрсетеді. Интернет-алаяқтықтың кең тараған түрі көбіңізге мәлім ол банк қызметкері, жалған қызметкерлер ретінде хабарласып, SMS-код сұрайды.