Астанада үздік БАҚ өкілдері марапатталды
Елордада БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесі мен Астана күніне орай ұйымдастырылған журналистер арасындағы республикалық байқаудың жеңімпаздары марапатталды.
Дәстүрлі додаға ақпарат айдынында қалам тербеп жүрген тілші, таспагер, блогерлер мен мобилографтар қатысты. 9 аталым бойынша 150-ден астам жұмыс ұсынылған. Ішінен іріктелген 28-і бүгін марапат төрінен көрінді. Мерейы тасыған жеңімпаздар қатарында арнамыздың журналисі Кәмшат Мұхамеджан да бар. Әріптесіміз "Үздік журналист-сарапшы" номинациясында топ жарды. Айта кетсек, сайыс Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Елорданың коммуникациялар қызметі ұйымдастырды.
КӘМШАТ МҰХАМЕДЖАН 24KZ АРНАСЫНЫҢ ТІЛШІСІ