Оралда 25 адам баспаналы болды
Оралда үй-күйсіз жүрген 7 отбасы, яғни 25 адам баспаналы болды. Олар Чапаев көшесіндегі №49 үйдің тұрғындары.
2021 жылы тозығы жеткен екі қабатты үйдің орнына «Реновация» бағдарламасы бойынша жаңа үй салынатын болып, ескі үй бұзылады. Алайда бес жыл өтсе де құрылыс басталмай, кәсіпкердің сөзіне сенген тұрғындар далада қалады. Олардың уәждері мен құжаттарды зерделеген қала прокуратурасы әкімдікке ұсыныс енгізеді. Нәтижесінде 25 азаматқа тұрғын үй қорынан қажетті әлеуметтік қолдау көрсетіліп уақытша баспана берілді.
Ердәулет Қуаныш, Орал қалалық Прокуратурасының аға прокуроры:
- Азаматтарды жеке тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында көппәтерлі тұрғын үй салу үшін жаңа құрылыс салушыны айқындау бойынша қала әкімдігімен жұмыс басталды. Аталған мәселе қала прокуратурасының бақылауында.