Маңғыстау облысында із-түзсіз жоғалған үш азамат аман-есен табылды
Бекет ата жерасты мешітіне барғаннан кейін хабар-ошарсыз кеткен үш азамат аман-есен табылды, деп хабарлайды 24KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Кең ауқымды іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Маңғыстау облысы полициясының қызметкерлері Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде хабарланған. Азаматтар мінген автокөлік Қыдырша ата аумағынан шамамен 35 шақырым қашықтықтағы жетуі қиын жерде анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, көлік батпақты жерге батып қалып, осының салдарынан олар әрі қарай қозғала алмай, байланысқа шыға алмаған. Іздестіру барысында жоғалған азаматтарды алғаш болып Бейнеу аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Нұржігіт Базарбаев және Бейнеу аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің аға инспекторы Бауыржан Нұрмұханбетов анықтады.
Қазіргі уақытта азаматтар медициналық тексеруден өткізу үшін Ақжігіт ауылына жеткізілуде. Олардың денсаулық жағдайын дәрігерлер тексереді. Полиция іздестіру жұмыстарына қатысқан барлық қызметтерге алғыс білдіреді. Полиция қызметкерлерінің, төтенше жағдайлар бөлімшелерінің және жұмылдырылған өзге де қызметтердің үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің арқасында іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды.