Үкіметте геологиялық барлауды дамыту мәселелері талқыланды
Геологиялық барлаудың заманауи технологияларын енгізіп, инвесторларға қолайлы жағдай жасау. Үкімет отырысында Премьер-министр осыны тапсырды.
Олжас Бектенов энергетика және өнеркәсіптегі сұранысқа қарай газ ресурсын кеңейту мәселесіне тоқталды. Ол үшін жаңа барлау алаңдарын белгілеп, заманауи технология мен жеке капитал тарту қажет. «Геологиялық барлау жұмыстарын дамыту да маңызды бағыттардың бірі. Бұл газ саласының ұзақмерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етеді», - деді Үкімет басшысы. Сол себепті Үкімет басшысы Энергетика министрлігіне “ҚазМұнайГаз” компаниясымен бірлесіп жаңа учаскелердегі геологиялық зерттеуді жеделдетуді тапсырды.