Атырау облысында өзен бойынан 5 млн шабақ құтқарылды

Атырау облысы Құрманғазы ауданында 5 миллионнан астам шабақ құтқарылды.

Көктемгі тасқында өзендерден бөлініп қалған шағын көлшіктерде, балықтың жаппай қырылу қаупі туындады. Сондықтан «Жайық-Каспий» балық шаруашылығы инспекциясы, жергілікті билікпен бірлесіп, шабақтарды өзен-көлдерге көшіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Каспий балық» және «Тілекші» коопертивтері мен «Жасыл ел'» бағдарламасының жасақтары да үлес қосты. Құрманғазы ауданында Қиғаш өзенінен бөлінген 22 көлшік пен өзек бар.