Қарағандыда темір рудасын заңсыз шетелге шығарғандарға сот үкім айтты

Фото: depositphotos.com

Қарағанды облысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру және оны шетелге заңсыз экспорттау ісі бойынша сот процесі аяқталды. Өңірдің мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы анықтаған қылмыстық схеманың нәтижесінде мемлекетке миллиардтаған шығын келгені дәлелденді, деп хабарлайды «24KZ».

Бұл істі Қарағанды облысының арнайы прокурорлары жіті тергеп, сотта мемлекеттік айыптауды толық қорғап шықты.

Облыстағы ірі кәсіпорындардың бірі 4 жыл бойы ешқандай рұқсат құжатсыз (лицензиясыз) темір рудасын үздіксіз қазып келген. Сондай-ақ заңсыз өндірілген бағалы шикізат Қазақстан аумағынан тыс жерге – шетелге саудаланып отырған.

Мемлекеттік қорға келтірілген залал көлемі 2 миллиард теңгеден асып жығылды.

Қарағанды облысының Шет аудандық соты қылмыстық істі қарап, келесідей үкім кесті:

Үш сотталушы жер қойнауын заңсыз пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Іс аясында күдіктілердің 360 миллион теңгеден астам тұратын мүлкіне тыйым салынды.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз