Талдықорғанда 19 жастағы тұрғын жарнамалық ролик үшін жауапқа тартылды
Талдықорғанда қауіпті видео авторлары жауапқа тартылды, деп хабарлайды «24KZ».
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Жетісу облысының Полиция департаменті қызметкерлері 19 жастағы тұрғынының видеосын анықтаған. Талдықорғандық автокөлікпен келе жатып, ойын-сауық орындарының бірін жарнамалау кезінде көлік терезесінен шығып, сусын ішіп, қоқысты жол бойына лақтырған.
Полиция мәліметінше, тексеру нәтижесінде оқиғаға қатысы бар барлық азамат анықталған. Қыз ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ автокөлік жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны және жол таңбасының талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Полиция әлеуметтік желідегі танымалдылыққа ұмтылу заң талаптарын бұзуға және жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіруге себеп болмауға тиіс екенін еске салады. Мұндай әрекеттер қатысушылардың өзіне де, жол қозғалысының басқа қатысушыларына да қауіп төндіріп, қоршаған ортаға зиян келтіреді», - делінген хабарламада.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз