Бурабай ауданында квадроцикл тізгіндеген бойжеткен қаза тапты

Фото: depositphotos.com

Ақмола облысында квадроцикл айдаған қыз апатқа ұшырап қаза тапты, деп хабарлайды «24KZ».

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бурабай ауданында квадроциклге қатысты апаттың жай-жапсары тексеріліп жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, 7 шілдеде 22 жастағы Астана тұрғыны квадроцикл жүргізіп бара жатып, Зеленый Бор мен Бурабай ауылдары арасындағы тас жолда көлігі аударылып кеткен. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, - деп хабарлады полиция департаментінен.

Полиция оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын, соның ішінде квадроциклді жалға беру дүкенінің жұмысын, мотоцикл жалға алу кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуын және қайғылы оқиғаға әкелген басқа да ықтимал себептерді анықтап жатыр.

Полиция аймақ тұрғындары мен қонақтарын квадроцикл мен басқа да моторлы көліктерді жүргізген кезде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз