Ақпараттық хабарлама
«Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамының «Хабар», «24KZ» телеарналарында эфир уақытын беруінің және Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 Жарлығымен 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысатын саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін www.khabar.kz, www.24.kz интернет-ресурстарында орналастырудың жалпы шарттары.
«Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Агенттік) телеарналарда эфир уақытын беруінің және Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттығына партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың интернет-ресурстарында сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастырудың 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген сайлаудың жалпы шарттары.
Агенттік – «Хабар», 24KZ телеарналарының (бұдан әрі – Телеарналар) және www.khabar.kz, www.24.kz интернет-ресурстарының (бұдан әрі – Интернет-ресурстар) меншік иесі, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Телеарналар мен Интернет-ресурстарда сайлау алдындағы үгіт материалдарының (бұдан әрі – Үгіт материалдары) төлем мөлшері, оларды орналастыру шарттары мен тәртібі туралы хабарлайды.
Телеарналардағы эфир уақыты және Интернет-ресурстарда орналастыру Агенттік пен Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттығына кандидаттардың (бұдан әрі – Саяси партия) партиялық тізімдерін тіркеген саяси партиялар арасында не Саяси партияның уәкілетті өкілімен жасалатын жазбаша шарт негізінде беріледі.
Телеарналарда эфир уақытын беру төмендегі Үгіт материалдарын орналастыру арқылы жүзеге асырылады:
1. бейнежазбалар қазақ тілінде немесе қазақ және орыс тілдерінде;
2. арнайы репортаждар;
3. өзге де Үгіт материалдары.
Интернет-ресурстарда төмендегі Үгіт материалдарын орналастыруды ұсыну:
1. қазақ немесе қазақ және орыс тілдеріндегі баннерлер;
2. мақалалар.
Үгіт материалдарын орналастыру туралы шарт жасасу үшін Саяси партияның не оның уәкілетті өкілінің Агенттік басшысының атына Телеарналар эфирінде және/немесе Агенттіктің Интернет-ресурстарында орналастырудың саны, хронометражы, кезеңі мен уақыты көрсетілген жазбаша өтініші негіз болып табылады.
Өтініш Саяси партиялардың өтініштерін тіркеу журналында кезектілік тәртібімен, өтініштердің келіп түскен күнін көрсете отырып, әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмір беру арқылы тіркеледі.
Жазбаша өтінішке келесі құжаттар қоса тіркелуі тиіс:
1. Саяси партияның партиялық тізімін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
2. Саяси партияның уәкілетті өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
3. өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі;
4. тұлғаның шарт (сенімхат) жасасуға өкілеттігін растайтын құжаттар.
Саяси партиялардың Үгіт материалдарын Телеарна эфирінде және Интернет-ресурстарда тарату тәртібі жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібімен немесе өтініштер бір мезгілде келіп түскен жағдайда жеребе тарту арқылы анықталады. Жеребе тарту тәртібі мен шарттарын Агенттік белгілейді.
Егер жазбаша өтініш келіп түскен кезде сұралған уақыт бұрын өтініш білдірген басқа Саяси партияға беріліп қойған болса немесе техникалық мүмкіндіктер бойынша берілмесе, Агенттік Телеарналар мен Интернет-ресурстардың техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, Саяси партияға Үгіт материалдарын орналастырудың басқа уақытын ұсынады.
Үгіт материалдары Агенттікке материалдар эфирге шығудың болжамды күніне дейін кемінде 3 (үш) күнтізбелік күн бұрын және Интернет-ресурстарда орналастырылған күнге дейін кемінде 1 (бір) күнтізбелік күн бұрын ұсынылуға тиіс.
Материалдарға қойылатын техникалық талаптар:
Эфир үшін (ТВ): Бейне форматы: MPEG2 кодек, Chroma 4:2:2, битрейт 50 Мбит/с, секундына 25 кадр, resolution 1920x1080, жайма типі interlaced, өрістерді құрастыру тәртібі – жоғарғы бірінші өріс (topfieldfirst), кадрлар арақатынасы 16:9. Аудио форматы: PCM, WAV форматы, 24 бит, 48 кГц, деңгейі -12 дБ, материалдың соңғы нұсқасындағы дыбыс 1-ші стерео арнаның сол жақ жолына араластырылуы керек, бірдей оң жақ жолды (псевдостерео) пайдалануға рұқсат етіледі. Бейне және аудио HD үшін MXF OP-1a контейнерінде болуы керек. Материалдар сыртқы тасымалдағыштарда (қатқыл диск, флэш-карта) немесе электрондық сақтау құрылғысына сілтеме беру арқылы тасымалданады.
Интернет-ресурстар үшін: www.khabar.kz сайтына арналған 1920x1080 ажыратымдылықтағы баннерлер (JPG/JPEG форматы, 16:9, 2 МБ аспауы керек). www.24.kz сайтына арналған баннерлер: компьютерге арналған 1280x140 пиксель ажыратымдылығы және мобильді нұсқаға арналған 940x140 пиксель ажыратымдылығы (JPG/JPEG/PNG форматы, 2 МБ аспауы керек). Мәтіндік мақалалар, бос орындарсыз 2000 таңбаға дейін (3 photo-ға дейін) немесе лонгридтер, бос орындарсыз 10 000 таңбаға дейін (15 фотосуретке дейін). Мақалаларға арналған фотосурет ажыратымдылығы – кемінде 1200x675 пиксель (JPG/JPEG форматы, 16:9, 2 МБ аспауы керек).
Бейнематериалдармен қатар эфир уақытын беру туралы шартқа қол қоюға уәкілеттік берілген адам қол қойған Үгіт материалының мазмұнын құрайтын мәтіннің толық жазылуы, бейнелері Үгіт материалдарында пайдаланылған адамдардың жазбаша рұқсаттары, ал олар қайтыс болған жағдайда – мұрагерлердің жазбаша рұқсаттары, үгіт материалдарында кәмелетке толмаған балалардың бейнелері пайдаланылған жағдайда – ата-аналардың, қамқоршылардың, сенім білдірушілердің жазбаша рұқсаттары ұсынылады.
Үгіт материалдарында қаржыландыру көздері (саяси партияның сайлау қорының қаражатынан төлем) туралы дыбыстық немесе визуалды ақпарат болуы тиіс.
Үгіт материалдарын ұсынған саяси партиялар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, соның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы талаптарға сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген шарттар мен талаптар бұзылған жағдайда, сондай-ақ тиісті шарттың талаптары бұзылған жағдайда эфирде және/немесе Интернет-ресурстарда Үгіт материалдарын орналастыру жүргізілмейді не бұзушылық жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Агенттік Үгіт материалдарын орналастырудан бас тартады, егер оларда конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрылымдар құру идеялары болса.
Агенттік басқа саяси партиялардың және олардың Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттығына кандидаттарының ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіруге қабілетті ақпарат болған жағдайда Үгіт материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген орналстыруды ұсыну шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.
Телеарналарда Үгіт материалдарын орналастыру құны мен тілі
|
№ |
Телеарнаның атауы |
Орналастыру тілі |
1 минуттың құны ҚҚС-ты қоса алғанда, теңге |
|
1 |
«Хабар» |
Қазақ, орыс |
150 000 (жүз елу мың) |
|
2 |
«24KZ» |
Қазақ, орыс |
150 000 (жүз елу мың) |
Интернет-ресурстарда Үгіт материалдарын орналастыру құны
|
№ |
Интернет-ресурстың атауы |
Орналастыру түрі |
Құны ҚҚС-ты қоса алғанда, теңге |
Техникалық талаптар |
|
1 1 |
www.khabar.kz |
Басты парақшадағы баннер 1920*1080 |
Тәулігіне 50 000 (елу мың) |
Форматы: jpg, jpeg - 16:9 – 2 мб-дан аспайды |
|
2 2 |
www.khabar.kz |
Фотосуреті бар жаңалықтар таспасындағы мақала |
Тәулігіне 250 000 (екі жүз елу мың) |
Бос орындарды қоспағанда 2000 таңбаға дейін. 3 фотосуретке дейін. Форматы: jpg, jpeg - 16:9 – 2 мб-дан аспайды. 1200x675 пх кем емес |
|
3 3 |
www.khabar.kz |
Фотосуреті бар жаңалықтар таспасындағы мақала (лонгрид) |
Тәулігіне 350 000 (үш жүз елу мың) |
Бос орындарды қоспағанда 10 000 таңбаға дейін. 15 фотосуретке дейін. Форматы: jpg, jpeg - 16:9 – 2 мб-дан аспайды. 1200x675 пх кем емес |
|
4 4 |
www.24.kz |
Басты парақшадағы баннер 1850*105 |
Тәулігіне 50 000 (елу мың) |
Форматы: jpg, jpeg, png. 2 мб-дан аспайды. Компьютер үшін 1280x140px, мобильді нұсқасы үшін 940x140пx |
|
5 5 |
www.24.kz |
Фотосуреті бар жаңалықтар таспасындағы мақала |
Тәулігіне 250 000 (екі жүз елу мың) |
Бос орындарды қоспағанда 2000 таңбаға дейін. 3 фотосуретке дейін. Форматы: jpg, jpeg - 16:9 – 2 мб-дан аспайды. 1200x675 пх кем емес |
|
6 6 |
www.24.kz |
Фотосуреті бар жаңалықтар таспасындағы мақала (лонгрид) |
Тәулігіне 350 000 (үш жүз елу мың) |
Бос орындарды қоспағанда 10 000 таңбаға дейін. 15 фотосуретке дейін. Форматы: jpg, jpeg - 16:9 – 2 мб-дан аспайды. 1200x675 пх кем емес |
Эфирде орналастыру құнына барлық қолжетімді хабар тарату орталарында (эфирлік аналогтық, эфирлік цифрлық, спутниктік, сондай-ақ кабельдік операторлар және Интернет желісінде онлайн хабар тарату арқылы) Телеарналарды тарату және қайта тарату кіреді.
Телеарналарда және Интернет-ресурстарда Үгіт материалдарын таратқаны үшін жасалған шарт бойынша ақы төлеу Агенттік ұсынған төлем шотының негізінде шот берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Агенттік жазбаша өтініштерді 2026 жылғы 23 шілдеден бастап 2026 жылғы 18 тамызды қоса алғанда, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша), үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін мына мекенжай бойынша қабылдайды: Астана қаласы, Қонаев көшесі 4, 9-қабат, 9/012 кеңсе, телефондар: 8 (7172) 757 617, 8 (7172) 757 618.
Факсимилді және Интернет байланысы арқылы жазбаша өтініштер қабылданбайды.
«Хабар» Агенттігі» АҚ