Астанада қоқыс полигоны өртеніп жатыр
Астанада қоқыс полигонынан өрт шықты, деп хабарлайды «24KZ».
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Байқоңыр ауданы Алаш тас жолының бойында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны аумағында қоқыс өртке оранды.
Оқиға орнында ТЖМ мен ЖАО күштері мен құралдары жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге 100-ге жуық жеке құрам мен 47 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
Өртті сөндіру жұмыстары қою түтін мен қатты тұрмыстық қалдықтардың жануына байланысты күрделене түскен.
Өрт сөндірушілер тілсіз жауды сөндіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Жағдай бақылауда. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, – делінген хабарламада.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз