Биыл 129 млн тонна көмір өндіріледі

Биыл елде 129 млн тонна көмір өндіріледі. Бұл өндірістік межеге қол жеткізу жер қойнауын пайдаланушылардың бағдарламаларында көрсетілген. Яғни былтырғыға қарағанда 13 млн тоннаға көп.

Қатты отынның негізгі бөлігі ішкі нарыққа бағытталады және электр энергетикасы, коммуналдық-тұрмыстық сектор мен өнеркәсіпте жұмсалады. Ал экспортқа шамамен 30 млн тоннасы тиесілі. Ірі сауда серіктестеріміз - Ресей, Польша, Өзбекстан және Түркия.  Былтыр көмір өнеркәсібіне 690 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды.

Көмір өнеркәсібі

2025 ж.  -   115,9 млн тонна

2026 ж.  -   128,9 млн тонна

Ірі сауда серіктестері - Ресей, Польша, Өзбекстан, Түркия