Қазақстан өңдеу өнеркәсібі тұрақты өсім моделіне көшті
Елдің өңдеу өнеркәсібі 2023 жылы қалпына келіп, қазір өсімге негізделген орнықты моделге көшті.
Өндіріс ұлғайып, импорт бәсеңдеп, сала әртараптандырылып жатыр. Назарбаев Университеті жанындағы Ұлттық талдау орталығы 2021–2025 жылдар аралығын саралап, осындай қорытынды жасаған. Зерттеушілер пікірінше, аталған межеде жылдық өсім 11 пайыздан асса, былтыр 12 пайызға жоғарылаған. Талдауға өңдеу өнеркәсібіндегі импортталатын 9 тауар таңдалған. Машина жасаудан бастап, шикізат көздері және металл мен металлургия тағы фармацевтикалық препараттар бар. Бұлар Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі өндірісінің шамамен 88%-ын қамтиды. Сондай-ақ Ұлттық талдау орталығы мамандары мінез-құлық экономикасын зерттеп, елде өндірілген тауарларды өткізуге әрекеттенген. Алдымен ірімшік нарығын ілгерлетуге кіріскен топ 4 айда жақсы нәтиже көрсеткендерін айтады. 1 маусымнан бастап республика бойынша 40 сауда нысаны таңдап алынған. Сала министрлігі орталықтың әдістемесіне қолдау танытқан.
Роза Тілеухан, Назарбаев Университеті жанындағы ұлттық талдау орталығының аға зерттеушісі:
- Қазақстандық ірімшіктің сатылымы 20 пайызға өсті. Біз бұл тәжірибеге акция жасамадық, бағасын түсірмедік. Тек қана адамның мінез-құлқына негізделген инструменттерді қолдандық.