Павлодар облысында құтқарушылар тәжірибелік сабақ өткізді
Павлодар облысында жаз басталғалы су айдындарында екі бала суға кеткен.
Ал көпқабатты үйлердің терезесінен үш бала құлап, біреуі көз жұмды. Осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында төтенше жағдайлар қызметі түсіндіру жұмыстарын күшейтті. Олар Баянауыл ауданындағы балалар лагерінде тәжірибелік сабақтар ұйымдастырып, өрт сөндіру-құтқару әдіс-тәсілдерін көрсетті.
Самат Қабдылов, ТЖД ресми өкілі:
- Балаларға мұндай іс-шаралар өте ұнайды. Қауіпсіздік ережелерін айтып қана қоймай, іс жүзінде көрсетеміз. Өрт сөндіру көлігімен, құтқарушылардың арнайы жауынгерлік киімімен таныстырамыз. Суда өзін қалай ұстау керегін үйретеміз. Мұндай тәсіл балалардың қауіпсіздік ережелерін жақсы меңгеруіне мүмкіндік береді.