Алматы-Өскемен автожолындағы апаттан екі адам көз жұмды

Видеодан алынған кадр

Алматы-Өскемен тасжолында болған жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды «24KZ».

Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Алматы-Өскемен автожолының 171-шақырымында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы бағытта келе жатқан тағы бір Toyota Camry-мен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан көліктердің бірінің жүргізушісі, 56 жастағы ер адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы сегіз адам ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеніне қарамастан, екінші көліктің жүргізушісі ауруханада қайтыс болды», - деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз