Аптаптың беті қайтады
19 шілдеге дейін Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. Синоптиктердің болжамынша, елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауып, екпінді жел соғады.
Ал оңтүстік және орталық өңірлерде құрғақ ауа райы сақталады. Аптап ыстық та әзірге қайтар емес. Алдағы күндері көптеген өңірде ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі. Осыған байланысты өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Бүгін елордада аптап ыстықтың шарықтау шегі тіркелді. Ауа температурасы 39 градусқа дейін жетті. Дегенмен синоптиктердің мәліметінше, Астанада ертеңнен бастап аптаптың беті қайтып, ауа райы біртіндеп салқындай бастайды.
Афродита Пірімжар, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі