Өскеменде жануарларға ерекше күтім жасалып жатыр
Аптап ыстық аң-құсқа та оңай соқпай тұр. Өскеменнің хайуанаттар бағында жануарларды ыстықтан қорғау шаралары жүргізілуде.
Салқын су шашып, мұздай жеміс-жидек пен тәттілер беріп жатыр. Облыста қазір 35-40 градус ыстық. Дегенмен орталық қызметкерлері қолайлы жағдай жасауға тырысуда.
Өскеменде сынап бағанасы көлеңкенің өзінде +35 градус ыстықты көрсетіп тұр. Шілденің аптабы жан-жануарларға оңай тиіп тұрған жоқ. Хайуанаттар бағының қызметкерлері аң-құсқа су шашып, салқындатып жатыр. Хабар атты қонжық та сергіп қалды. Қазір оның ас мәзірі да өзгерген. Мамандар қонжыққа балмұздақ беріп жатыр. Мұздатылған тәтті жидектерді жіпке тізіп, алдына қойған. Қорегін өзі теріп жейді.
Дәруменге толы мұздатылған тәттілер аң-құсты ыстықтан қорғауға ықпал етеді. Аюлар арасында бассейнге де түседі.
Гүлшат Төлеубекова, зоотехник:
- Сонымен қатар салқындату шараларын да таңертеңгі және кешкі уақыттарда қатаң жүргізіп отырамыз.Өздеріңіз көріп отырғандай, аюдың баласында, Гришада және үлкен екі аюда да бассейн бар, бссейннен су ағып войлердің ылғалын сақтап тұрады.
Ветеринарлар хайуанаттарға арнайы әзірленген азық береді. Онда қажетті майлар, ақуыздар мен көмірсулар дәлме-дәл есептелген.
Жұмағали Кәдірбаев, бас ветеринарлық дәрігер:
- Біздің жақта қыс ұзақ, жаз салқын. Дегенмен климат өзгеріп келеді ғой. Сондықтан жануарларды зерттеп арнайы қорек түрін ойлап шығардық. Оның құрамын құпия ұстаймыз. Бұл азық аңдар мен жануарларға жақсы әсер етіп жатыр.
Қазір төлдеп жатқандары көп. Тұяқты жануарлардың да жай-күйі жақсы. Риддер орманынан табылған Хабар да қоң жинап, айбатты жыртқышқа айналып келеді.
Авторлары: Эльмира Ахметова. Дмитрий Пыхтин