Реновация: Алматыда 1165 тұрғынға үй беріледі

Ал елде тозығы жеткен үйлерді жаңарту үшін реновация бағдарламасы іске асып келеді. 

Биыл Алматыда 1165 адамды жаңа баспанаға көшіру жоспарланып отыр. Тұрғындар «бөлме үшін бөлме» қағидаты бойынша жаңа баспанаға көшіріледі және пәтер толықтай өз меншігіне беріледі. Ал көшуден бас тартқан жағдайда жауапкершілікті өз мойнына алады. Жалпы шаһарда 1400-ден аса ескі үй реновацияны қажет етеді. Қаланың 2030 жылға дейінгі тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасына 1930-1980 жылдары салынған, екі қабатқа дейінгі көне және апатты  көппәтерлі үйлер енгізілген. Сонымен қатар тізімге коммерциялық және қоғамдық нысандар да кіреді.