Қазақстан мен Қытай арасында әуе рейстерінің саны артады
Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе рейстерінің саны аптасына 124-тен 152-ге дейін артады.
Бейжіңде екі елдің жауапты ведомство өкілдері осындай келісім жасады. Азаматтық авиациядағы ынтымақтастықты кеңейту жиынында қытайлық әуе компаниялары орындайтын тікелей рейстерді ашу мәселесі талқыланды. Бұдан бөлек, тараптар Қазақстан мен Қытай арасында үшінші халықаралық әуе дәлізін құруды қарастырды. Жиында қазақстандық авиа-компанияларға слоттар бөлу үшін ведомствоаралық серіктестікті дамыту бағыты сөз болды. «Мұндай бастама жолаушыларды өткізу қабілетін арттырып, ұшу бағыттарын оңтайландыруға мүмкіндік береді», - дейді мамандар.