ҰБТ: 890 талапкер адалдық талабын бұзған

Биыл 890 талапкер академиялық адалдық талабын бұзғаны үшін ҰБТ-дан шеттетілді. 

Оның 500-ден астамы тестілеуге смартфон, басқа да рұқсат етілмеген заттарды алып кіруге әрекет еткен. Ал 361-і тестілеу барысында қарапайым ережелерді сақтамаған. Осыған байланысты олардың жауап нәтижелері жойылды. Ахуалдық орталық мамандары әр тестілеудің бейнежазбаларын 31 қазанға дейін талдаудан өткізеді. Егер сол уақытқа дейін грант алып үлгерген талапкерлерге қатысты күдік расталса, грант күші жойылады. Қазір осы талдау арқылы 7 талапкердің әрекеті әшкере болды. Ал тест тапсыруға бөгде адамдардың кіру фактілері анықталған жоқ. Талапкерлердің басым бөлігі тестілеуді мемлекеттік тілде, 27 пайызға жуығы ресми тілде, сондай-ақ 383 адам ағылшын тілінде тапсырды. ҰБТ-ның орташа балы 60-ты құрады.

Гүлжан Жарасова, ҚР ҒЖБМ Жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы:

- 239 мың 286 талапкер өтініш берді. Оның 233 мыңға жуығы тестілеуден өтті. Бұл былтырғымен салыстырғанда 23 мыңға артық. Биыл негізгі ҰБТ-ға қатысушылардың саны артқанымен нәтижелері былтырғы деңгейді сақтады. Талапкерлердің 76 пайызға жуығы шекті балды жинай алды.

Альтаир Әсет, «Үздік аттестат» иегері, ҰБТ-дан рекордтық 140 балл жинаған түлек:

- Негізгі ҰБТ-дан 140 балл иегері болдым. Өзім Павлодар қаласынан 7 жалпы орта білім беретін мектептің түлегімін. Мен география-математика комбинациясы бойынша 140 балды инелендім.