Әскерилер дроннан қорғануды меңгеріп жатыр
Ел Қарулы күштерінің әскерилері дрондарға соққы беруді үйреніп жатыр. Радиоэлектрондық қорғаныс бойынша оқу-жаттығу ұшқышсыз ұшу аппараттарына қарсы іс-қимылды ширату үшін қажет, - дейді командирлер.
Жауынгерлік тапсырмалардың сәтті орындалуы радиоэфирді бақылау деңгейіне де тікелей байланысты. Оқу жиыны аясында мамандар байланыс жүйелерін бөтен кедергілерден қорғауды, радиосигнал көздерін анықтауды меңгереді. Мақсат – байланыс жүйелерін қорғап, әскери бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылдарды нығайту.
Азамат Асқар, 43988 әскери бөлімі командирінің орынбасары - штаб бастығы:
- Оқу-әдістемелік жиын барысында радиоэлектрондық қорғанысты ұйымдастырудың өзекті мәселелері, заманауи радиоэлектрондық әсерден қорғау, сондай-ақ ұшқышсыз авиациялық жүйелерді анықтау, сәйкестендіру және радиоэлектрондық жолмен басу тәсілдері қарастырылады. Практикалық сабақтарға ерекше көңіл бөлінеді.
Ерік Қасымбеков, 51809 әскери бөлімі штаб қызметінің бастығы:
- Жылына 3-4 рет өткізсе, Қазақстанның әскери бөлімдерінің түкпір-түкпірінен шақыртып оқыту қажет. Қазіргі қақтығыстарға байланысты техникалық барлауға қарсы шаралар өте маңызды деп санаймыз.