Электр көліктеріне арналған 250 қуаттау станциясы салынады

Қазақстанда электр қуаттау станциялары желісін дамыту қажет.

Істі ілгерлету үшін халықаралық компаниялар тартылмақ. Үкімет басшысы сала жауаптыларына осындай тапсырма берді. Олжас Бектенов тиісті инфрақұрылымды одан әрі кеңейтіп, жаңа инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау керектігін атап өтті. Алдағы 4 жылда елдеэлектр көліктеріне арналған 250 жаңа қуаттау станциясы салынбақ. Қазіргі уақытта еліміздің негізгі республикалық жолдарының бойында 70-ке жуық нысан жұмыс істеп тұр. Жақында Car Park Transformer компаниясымен өзара бірлескен келісім жасалды. Премьердің айтуынша, елімізде электромобильдерге арналған аккумуляторлар өндірісінің жаһандық тізбегіне ықпалдасу үшін қажетті шикізат қоры жеткілікті деңгейде.