KazSat-3R байланыс жүйесін жоспарлы пайдалану мерзімі 2029 жылы аяқталады

Үкімет жаңа KazSat-3R ғарыштық байланыс жүйесін құруға 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.

Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов  қол қойды. Жоба ұлттық спутниктік байланыс жүйесі мен телекоммуникация саласын дамытуға бағытталған. Бөлінген қаражат қолданыстағы KazSat-3 аппаратын алмастыратын жаңа KazSat-3R спутниктік байланыс жүйесін  жасауға жұмсалады. KazSat-3-тің жоспарланған пайдалану мерзімі 2029 жылы аяқталады. Жаңа аппарат ұлттық спутниктік байланыс жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Жобаны жүзеге асыру спутниктік байланыс желілері мен телерадио, хабар тарату жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, халық аз қоныстанған және шалғай елді мекендерде интернетке қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздік деңгейі артып, Қазақстанның технологиялық егемендігі нығаяды.