Цифрлық кодексті іске асыру тетіктері пысықталды
Қазақстанда өңделген деректерді заңды түрде алмасуға және коммерцияландыруға арналған төрт платформа мемлекеттік тізілімге енгізілді.
Ол бизнеске, мемлекеттік органдарға және ғалымдарға сапалы деректерді талдау, зерттеу және жаңа цифрлық өнімдер әзірлеу үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Жаңа қосымшалар пайдаланушыларға қажетті деректерді таңдап, нақты мәселелер бойынша талдау жасатуға көмектеседі. Ақпарат кәсіпкерлер, студенттер, ғылыми және талдау институттарына бірдей қолжетімді болмақ. Бұл туралы Астанада өткен цифрлық кодекс ережелерін іске асыруға арналған конференцияда айтылды. Сарапшылар мен түрлі сала өкілдерін тоғыстырған алаңда деректер экономикасын дамытуға арналған ұсыныстар мен тың бастамалар көтерілді.
Еркебұлан Иембердиев, ҚР СЖРА ұлттық статистика бюросы Стратегиялық жоспарлау және әдіснамалық үйлестіру департаментінің директоры:
- Цифрлық кодекс дайындалу кезінде Мемлекет басшысы тапсырмасымен деректер экономикасын дамыту бағытында белгілі бір ережелер ұйымдастырылды.
«Astana Data Exchange» алаңында - маңызды құжаттағы басты ережелер мен оны іске асыру барысы талқылды. Ең маңызды деген 3 платформа таныстырылады. Барлық платформалар Цифрлық кодекстің бірыңғай талаптарына сәйкес жұмыс істейді. Олар операциялардың ашықтығын, ақпараттың қорғалуын, цифрлық деректер өнімдерін пайдалану үдерісінің қадағалануын және заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. Айта кету керек, елде алғаш рет цифрлық инфрақұрылымды қорғаудың бірыңғай құқықтық негізі қалыптастырылды. «Цифрлық кодекс» пен киберқауіпсіздік саласындағы жаңа нормалар аса маңызды ақпараттық жүйелерді қорғау тәртібін нақтылады.