BAL-fest Urjar фестивалі Үржар ауданында алғаш рет өтіп жатыр

Абай облысы, Үржар ауданында алғаш рет ара шаруашылығын дамытуға арналған BAL-fest Urjar фестивалі өтіп жатыр.

Фестиваль аясында халықаралық конференция ұйымдастырылып, омарташылардың жәрмеңкесі халыққа ұсынылды. 

Рүстем Қайратұлы, тілші:

- Иә, біз қазір облыс орталығынан 500 шақырым жердегі Үржар ауданындамыз. Қазір аудандағы орталық алаңда бірнеше шатыр, киіз үй тігіліп тұр. Бұл шараға аудан бойынша 30-ға жуық омарташы қатысып жатыр. Бұл жерде бал өнімдерінің түр-түрі халық назарына ұсынылған. Қазір бізде көрейік, омарташыларға қарай жақынырақ барайық. Қайырлы күн, қай жақтан келдіңіздер? Қандай өнім ұсынып жатырсыздар?

Бұл фестивальдің негізгі мақсаты – омарташылық саласын дамытып, ара шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге қолдау көрсету. 

Фестиваль аясында халықаралық конференция ұйымдастырылып, сарапшылар осы саладағы қатерлер мен мәселелерді талқылады. Аудан әкімшілігі BAL-fest Urjar фестивалін жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр. Енді кешке осы орталық алаңда Үржарлықтар үшін мерекелік концерт ұйымдастырылады.