Астана полициясы «Көктал» саябағында профилактикалық рейд өткізді

Астанада қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары қарқын алды.

Осы мақсатта кезекті профилактикалық рейд «Көктал» саябағында өтті. Полиция қызметкерлері демалушыларға қоғамдық орындарда тазалық пен қоғамдық тәртіпті қатаң сақтау қажеттігін түсіндірді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай рейд кезінде көбіне темекі тұқылдарын, бөтелкелер мен өзге де қоқыстарды белгіленбеген орындарға тастау деректері анықталады. Сонымен қатар абаттандыру қағидаларын бұзу фактілері де тіркеледі.