Ұлытау облысында ауаны ластағаны үшін екі кәсіпорынға айыппұл салынды

«Қазақмыс Distribution» компаниясы 157 млн. теңге, ал Жезқазған жылу электр станциясының әкімшілігі 472 млн. теңге көлемінде айыппұл арқалады. Өңірде жыл басынан бері қоршаған ортаны қорғау заңдарын бұзғандарға 122 әкімшілік хаттама толтырылды. 55 млн. теңгеден астам қаржы кері өндірілді. Биыл аймақта атмосферадағы күкіртсутектің нормадан асып кетуі бойынша 400-ге жуық дерек тіркелді, деп хабарлайды 24KZ.

Шабдан Тынымбаев, облыстық Экология департаменті басшысының міндетін атқарушы:

– 2024 жылы Ұлытау облысының кешенді экологиялық мәселелерін шешу жөніндегі жол картасы әзірленді. Оған өңірдегі барлық негізгі экологиялық мәселелер енгізілді. Қазіргі таңда жол картасындағы әрбір іс-шараның орындалу мерзімі белгіленіп, жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз: