ЖИ – қызмет алушылардың қауіпсіздік кепілі

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесінің басты басымдықтарының бірі.

Осыған байланысты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар үшін нысандарды заманауи бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау міндетті талапқа айналды. Бүгінде Қазақстанның бірқатар өңірінде бейнекамераларға жасанды интеллект технологиялары енгізіліп жатыр. Мұндай жүйелер нақты уақыт режимінде жанжалды, агрессия белгілерін, буллинг жағдайларын, құлау оқиғаларын және басқа да төтенше жағдайларды анықтай алады.