Айуандықпен өлтірілген: Екібастұзда пәтерлердің бірінен әйел адамның денесі табылды

Фото: depositphotos.com

Екібастұзда пәтерлердің бірінен айуандықпен өлтірілген әйел адамның денесі табылды, деп хабарлайды «24KZ».

Полицияның мәліметінше, Әуезов көшесі, 24-ші үй мекенжайындағы пәтерлердің бірінің есігін полицияның Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары бұзып кіруге мәжбүр болған. 

Пәтер ішінен зорлық-зомбылықпен өлтірілген әйел адамның мүрдесі (аяқ-қолдарының жоғарғы және төменгі жақтары кесілген) табылған. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Полиция адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, – деп хабарлады өңірлік полиция департаментінен.

Тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын мәлімдеді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз