Елде инфрақұрылым жаңғыртылып жатыр

Мәселен, Қосшыны газбен қамту жобасы толығымен аяқталып, 112 мыңға жуық тұрғын көгілдір отынмен қамтамасыз етілді.

Жоба аясында 400 шақырымнан астам газ тарату желілері салынды. Ақтөбе облысының Полтавка ауылына да көгілдір отын берілді. Газбен қамту аясында 6,4 шақырым газ құбыры тартылды. Ал Алматы облысының Бесағаш ауылында тозу деңгейі 95 пайызға жеткен су құбырының орнына ұзындығы 32 шақырымнан асатын жаңа құбыр салынды. Нәтижесінде 4 мыңға жуық тұрғын орталықтандырылған су жүйесіне қосылды.