Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовты қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовты қабылдады. Кездесуде Президентке аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдай және алдағы кезеңге арналған басым міндеттер туралы баяндалды.

Сондай-ақ облыстағы ірі инвестициялық жобалардың іске асырылуы, мұнай-газ химиясы саласының дамуы, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылысы жөнінде есеп берілді. Экономиканы әртараптандыру, көлік инфрақұрылымын жетілдіру, экологиялық ахуалды оңалту сынды мәселелерге айрықша назар аударылды. Мемлекет басшысы Атырау өңірінің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.