Тоқтар Әубәкіровтің ғарыш саласына қосқан үлесі Президент атынан атап өтілді

«Сіздің еңбек жолыңыз жарқын белестерден тұрады». Премьер-министр Мемлекет басшысының атынан Тоқтар Әубәкіровті 80 жылдық мерейтойымен құттықтады. 

Халық қаһарманы, авиация генерал-майорының ел мәртебесін әлем алдында арттырып, халықаралық ынтымақты нығайтып, ұлттық аэроғарыш, қорғаныс өнеркәсібі салаларының дамуына қосқан үлесінің мол екені айтылды. Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде де отандық заңнаманы жетілдірудегі еселі еңбегі атап өтілді. Сондай-ақ Олжас Бектенов ғарыш саласындағы қазіргі бетбұрысқа тоқталды. Ұлттық спутниктік байланыс және Жерді қашықтан зондтау жүйелері жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы, экология және басқа салалардағы деректерді өңдеу жүйесі жетілдіріліп жатыр. Байқоңыр ғарыш айлағынан «Сұңқар» зымыран-тасығышының сынақтық ұшырылуы сәтті өткен. «Бұл да отандық ғарыш саласының дамуындағы жаңа кезең», - деді Үкімет басшысы.