Криптовалютадан түскен 1,9 млрд теңге мемлекет пайдасына өндірілді 

Криптовалютамен заңсыз айналысқан қостанайлық азамат екі жылға қамалды. 

28 жастағы жігіт Binance платформасында цифрлық активтерді сатып, 2 миллиард теңгеге жуық ақша тапқан. Бас прокуратураның мәліметінше, сотталушы заңсыз қаражатты жасыру үшін туыстарының атынан шот ашқан. Тергеу нәтижесінде қаржыны депозиттерде сақтағаны анықталды. Сот шешімімен заңсыз табылған 1,9 млрд теңге мемлекет пайдасына өндірілді. Бұдан бөлек, сот 13,4 миллион теңге қаражат, 2 жеңіл автокөлік және құны 8 мың долларға жуық цифрлық активтерді тәркіледі.