Қостанай облысында 716 сайлау учаскесі құрылды

Қостанай облысында  Құрылтай сайлауына орай 716 сайлау учаскесі құрылды.

Олардың бәрінде мүгедектігі бар азаматтар дауыс беру үшін жағдай жасалған. Ғимараттар арнайы көтергіштер, нашар көретіндер мен есту қабілетінен айрылғандарға арналған құрылғылармен жабдықталған. Учаскелік комиссияларға сайлаушылар тізімі 2 тамызда беріледі. Ал жетінші тамыздан бастап азаматтар өздері туралы мәліметті телефон немесе интернет арқылы тексере алады.

Жәмилә Именалинова, облыстық сайлау комиссиясының мүшесі:

- 7 тамыздан бастап жергілікті атқарушы органдардың ресми сайттарында сайлаушылар тізімінен өзін тексеруге арналған сервис және телеграм бот іске қосылады. Сайлаушы өзінің ЖСН-ын енгізу арқылы өзінің сайлау учаскесін және оның орналасқан мекен-жайы туралы ақпарат алады. Егер сайлаушы дауыс беру күні сайлау учаскесіне келе алмайтынын алдын ала білсе, онда олар сайлау учаскесіне барып, дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін ала алады. Осы есептен шығару куәлігі бар сайлаушы Қазақстан Республикасының кез келген сайлау учаскесінде дауыс бере алады.